Еуропалық Одақ Қазақстандағы климаттың өзгеруі мәселесін шешуде азаматтық қоғамды қолдайды
27 апреля 2022
ЕУРОПАЛЫҚ ОДАҚ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ КЛИМАТТЫҢ ӨЗГЕРУІ МӘСЕЛЕСІН ШЕШУДЕ АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМДЫ ҚОЛДАЙДЫ
Қарағанды. Чехияның Арника ҚҰ мен Қарағанды ЭкоМұражайы ҚҰ-дары бірлесе отырып Қарағағанды облысындағы климаттың өзгеру салдарын жұмсарту бойынша жаңа жобаны іске қосты. Жоба «Азаматтық қоғам мен жергілікті билікті ұйымдастыру» бағдарламасы бойынша Еуропалық Одақтың (ЕО) грантына ие болды.Жылыжай газдар шығарындыларының Жаһандық атласының деректері бойынша Қазақстан 2020 жылы ірі ластаушылар арасында жиырмасыншы орында болған, энергетикасы көмір қышқыл газы шығарындыларының негізгі көзі болып табылатын көміртекті көп қажет ететін экономикалардың бірі болып табылады. Елдің ауылшаруашылық, орман және су ресурстары климаттың өзгеруіне өте осал. БҰҰ Еуропалық экономикалық комиссиясы (БҰҰ ЕЭК) дайындаған Қазақстанның экология саласындағы әрекеттер нәтижелігінің Үшінші Шолуында «Су тасқыны мен құрғақшылықтың күші мен жиілігінің артуы халық, жалпы экономика табысы үшін елеулі тәуекелдер туғызады», - деп атап көрсетілген.
Қарағанды облысы елдің негізгі өнеркәсіптік және қатты ластанған өңірлерінің бірі болып табылады. БҰҰ ЕЭК жарияланымына сәйкес, Қазақстандағы азаматтық қоғамның экологиялық ақпаратқа және климаттың өзгеруі туралы деректерге қолжетімділігі шектеулі, экологиялық мәселелер бойынша шешім қабылдау процесіне тиісті түрде тартылмаған. Жоба Қазақстанның климатқа әсер етуді төмендету бойынша өз міндеттемелерін орындауына ықпал етуге және жұртшылықтың жергілікті деңгейде шешім қабылдауға қатысуын қамтамасыз ету үшін өңірде климат саласындағы қызметті күшейтуге мүмкіндік береді. Жоба 2022 жылдың наурызынан 2024 жылдың тамызына дейін жүзеге асырылатын болады, жобаның жалпы бюджеті – 288 325 евро, оның ішінде ЕО салымы – 250 000 евроны құрайды.
Арника жобасының үйлестірушісі Зузана Вачунова: «Біз азаматтық қоғаммен, жергілікті және облыстық өкіметпен, жеке бизнеспен, тәуелсіз сарапшылармен, жастар және студенттермен, БАҚ және журналистермен бірге аймақтың өнеркәсіптік ластану салдарынан болған климаттың өзгеруінің ауыр зардаптарын жеңілдетудің практикалық шешімдерін алға жылжыту үшін жұмыс жасаймыз», - дейді.
Қарағанды облыстық экологиялық мұражайының даму жөніндегі директоры Дмитрий Калмыков былай деп түсіндіреді: «Біздің жоба Париж климаттық келісімі бойынша Қазақстанның халықаралық міндеттемелері мен оларды жергілікті деңгейде іске асыру арасындағы алшақтықты толтыруға арналған. Біз халықаралық тәжірибені қазақстандық билік органдарының жұмысына көшіретін боламыз».
Қосымша ақпарат алу үшін келесі байланыстар бойынша хабарласыңыз:
Мартин Зелинка, martin.zelinka@arnika.org, +420 720 208 217;
Ирина Игнатович, irina.ignatovich@ecomuseum.kz, +7 7212 50-45-61 (62), +7 705 759-99- 09;
немесе Еуропалық Одақтың Қазақстан Репсубликасындағы өкілдігімен хабарласыңыз delegation-kazakhstan-pic@eeas.europa.eu.
Назад
1616