Құлақтарымыздан тебуді доғарыңдар! Осындай ұранмен бүгін Теміртауда өндірістік кәсіпорындармен кездесу өтті
14 декабря 2022
«АрселорМиттал Теміртау» (АМТ) АҚ өкілі тағы да «шығарындыларды азайтуға» көмектесетін түрлі іс-шаралар туралы айтты. Мұндай шаралардың қатарында жабдықтарды жөндеу, тіпті өндіріс орындарының бірін сыртқы басқаруға беру де бар. Өндірістің табиғатты қорғау шараларына қандай қатысы бар екендігін, біз түсінбедік. Есепте кәсіпорынның шаң шығарындыларын 20%-ға қысқартқаны айтылған, бірақ қазан айында АМТ Экология министрлігінен 249 000 тонна шығарындылар нормативін сұрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда көп. Қарағанды облысы бойынша экология департаменті соңғы тексерістің қорытындысына тоқталып, оның барысында табиғат қорғау заңнамасын бұзудың ондаған фактілері анықталып, 5 миллиард теңге айыппұл салынды.
«Құлақтан тебу» АМТ-дан халық үшін де, мемлекет үшін де үздіксіз. Шынында, олардың халыққа айтқанының бәрі тексеру кезінде сенімсіз болып шығады.
ЭкоМұражайдың өкілдері өз наразылықтарын флешмобпен білдіруді ұйғарды - кездесу барысында олар құлақтарына нан кеспесін іліп қойды, бұл АМТ-ның мәңгілік уәделері мен сенімсіз ақпаратын бейнелейді...
Александр Кушкиннің суреттері.
Қазақшаға аударған Ерболқызы Дильназ.